30 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №715 

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 21 қараша Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №1249 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 наурыздағы №333 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №1249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №46, 514-құжат; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы №333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №15, 123-құжат) . 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ
Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Қысқы Олимпиада мәреге жетті

Олимпиада • Бүгін, 08:00